Бірнеше күн бұрын Ақтау тұрғындары "Киіз үйдің" сынған әткеншектерінің Ынтымақ алаңынан жоғалып кеткенін байқаған болатын, деп хабарлайды сайт mangystaumedia.kz.
Ақтау қаласы әкімінің баспасөз қызметі сынған әткеншектер қалпына келтіріліп, жөнделетінін мәлімдеді. Жөндеуден кейін олар алаңға қайта орналастырылмақ.
"Қаланы абаттандыру бойынша қосымша қаражат бөлінбейді. Кезек бойынша Ынтымақ алаңындағы барлық әткеншектерді, содан кейін мемлекеттік рәсімдер алаңындағы Ту тұғырын, жағалаудағы сәулет нысандары қайта жөнделеді", - деді Ақтау қалалық ТКШ бөлімінің мамандары.